ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ-де өзін-өзі басқару бағдарламасы аясында колледжішілік президент, білім министрі, мәдениет министрі, спорт министрі және тазалық секторыларын анықтау мақсатында сайлау өтті.

Сайлауға студенттер мен ұстаздар қауымы қатысты. Сайлауға түсетін кандитаттар өз бағдарламаларын ұсынды.
Колледж болашағын сеніп тапсыратын бұл науқанға барлық студенттері өз кандитаттарын таңдауға бір кісідей ат салысты.
Сайлау қорытындысында колледж президенттігіне, білім, мәдениет, спорт министрлігі мен тазалық секторлығына үміткер 19 кандитат арасынан жоғары балл жинаған студенттер өз қызметтеріне кірісіп кетті. Колледж президенттігіне тең дауыс жинаған ІІ курс студенттері Абдырахимов Диас және Тұрсынғазы Лаура колледж президенті болып сайланды.
Алдағы уақытта президент, білім министрі, мәдениет министрі, спорт министрі және тазалық секторлары жұмыстарына сәттілік тілейміз.

 

.