ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

01.09.2019ж. күні "Үржар колледжі" КММ -де салтанатты түрде "Алғашқы қоңырау" мерекесі аталып өтті.

 

Колледж табалдырығын аттаған және ІІ-ІІІ студенттерін, ата-аналарды колледж директоры Чарахметов Қ.М. мен директордың орынбасары Куракбаева А.М. құттықтады. Биылғы оқу жылы колледж үшін көптеген жаңалықтарға толы, себебі бас корпус ғимаратының заманауи талапқа сай күрделі жөндеуден өтіп, оқу процесіне қосылуы. Жан-жақтан келген І-курс студенттеріне оқу ордасымен ішкі тәртібі таныстырылды. ІІ-ІІІ курс студенттерінің дайындаған концерттік номерлері, ата-аналардың құттықтау сөздерімен аяқталған жиын, әр топ кураторларының Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" атты тақырыпта тәрбие сағатына жалғасты.

 

Колледжде 2018-2019жылы бастау алған туристік шеру Қазақстанның көрнекті жерлеріне саяхат биылда жалғасын таппақ. 2019-2020 оқу жылында Астана, Алматы қалаларының көрнекті жерлеріне, үздік оқыған, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттерге сертификат берілетіні баса айтылды.

 

Қазақстанның болашағы жастар десек, сол жастардың бойындағы жалын мен күш-жігерлерін жандырып, сүрлеуі соқпақ білім жолы мен еңбекке баулу ұстаздарға жүктелген жүктеме екенін білеміз.

 

Жаңа оқу жылы жаңа табыспен, тың жаңалықтарға толы болады деген ниеттеміз