ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Маусым айының жаймашуақ күндерінің бірінде «Үржар колледжі»КММ 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша оқуда және қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түскен бір топ студенттер суы шипалы,ауасы ем Алакөл көліне барып, демалып келді.

 

Жол бойында Үржар Ханшайымының ескерткішіне де тоқтап тәу етті.Көлде студенттер күні бойы суға түсіп,күнге қыздырынып,спорттық ойындар ойнап уақыттарын тиімді де қызықты өткізді.