Жастардың бойына өз еліне деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттарын тұрақты түрде өткізу, оқушыларды тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға экскурсиялар ұйымдастыру,Шығыс Қазақстан облысының территориясындағы киелі жерлерге апарып,тарихымен таныстыру колледждің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, отан сүйгіштікті, ұлтжандылықты, біліктілікті, тапқырлық пен ұшқыр ойлықты, өз ойын жетік және дәлелдей білетін азаматтар даярлау, жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарастыруға, пікір алмасуға баулу мақсатында 2019 жылдың 18-19 маусым күндері Үржар колледжі КММ студенттері «Туған жер» бағдарламасы аясында колледж жастарын тарихи орындармен таныстыру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында» Абай ауданы,Қарауыл селосы,Жидебайдағы Абай мұражай қорығына және «Семей қаласының облыстық тарихи- өлкетану музейінің» Қарауыл ауылындағы филиалына саяхатқа барды.Оған 2018-2019 оқу жылындаүздік оқыған, колледжішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан 20 студент жолдамамен барды.Саяхатқа барған студенттер ұлы Абай жайында тың мағлұматтар алып,тарихи жерлерге тағзым етіп,зор қуанышпен оралды.
Сөйтіп, күн бесінге таяғанда біздер дарқан даланың құшағына еніп кеттік. Негізгі бағытымыз - Жидебай. Ниетіміз - ұлы Абай жайында тың мағлұмат жинау, Оспан қайтыс болған соң тұрақты қыстау еткен берекелі мекенді өз көзімізбен көру һәм бабаларымызды еске алып, олардың әруағына дұға бағыштау.
Тарихы құнды, шежіреге толы Шыңғыстаудай ұланғайыр даланың табиғаты кез келген қазақтың көңілін әлдилеп, жүрегін тербетіп әкететініне титтей де күмәнім жоқ. Алыстан хәкім Абай (Иброһим) мен Шәкерімнің кесенелері көрінді. Кесенелерге барар жолдың оң жағында орналасқан тастағы жазуларға көзіміз түсті. Сөйтсек, бұл жерде хәкім Абайдың ардақты әжесі Зере, аяулы анасы Ұлжан, ағасы Құдайберді (Шәкерімнің әкесі), сонымен қатар Құнанбай ауылының балаларын білім нәрімен сусындатқан Ғабитхан молда және жалшы Шәукімбай да осы араға жерленген болып шықты. Оң жақтағы кесенеде бабамыз Абай мен оның жомарт, кісіге адал інісі Оспан Құнанбайұлы жатыр. Сол жақтағы кесенеде қажы Шәкерім мен оның ұлы Ахат бабамыз жерленген. Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан бірталай мағлұмат беретін, баға жетпейтін үлкен үй - осы. Кезінде берекесі тасыған қарашаңырақ болған десек те, әсірелеп айтқанымыз емес. Уақыттың өтуімен мұражайға айналды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/zhanaly-tar/112-eskursiya.html#sigFreeIdd7f5512e7f