ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Өз ісінің нағыз шебері- бұл өзге адамдардың қолынан келмей жатқан істерді сүйсініп, бар ынта-жігерімен тырысып бағатын адамдарды айтамыз.

    

«Үржар колледжі» КММ студенттері арасынан өз ісінің нағыз шеберлерін анықтау мақсатында  06.06.2019 күні «Үздік кәсіби маман-2019» байқауы өтті.  Сайыс « Фермер шаруашылығы» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өтті, яғни аталмыш сайысқа қатысушы студенттер WorldSkills стандартына сәйкес тәжірибелік тұрғыда қатысты.

 

Сайыстың үздіктерін таңдап, әділ бағалайтын әділ-қазы мүшелері де болды.

 

Әділқазылар алқасының төрағасы- Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Үржар аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі Курмангалиев Жастүлек Молдабаевич

 

Үржар аудандық техникалық байқау инспекциясының инспекторы- Сержан Толеуханұлы Есенаманов

 

«Үржар колледжінің» әлеуметтік серіктесі- «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы – Жұмағұлов Бекжан Хасенұлы

 

Жеке кәсіпкер Жакиянова Айнагуль Мекеновна

 

«Үржар колледжі» КММ асханасының бас аспазы Карибаева Айман Садуақасқызы қатысты.

 

Сайыс төмендегі бөлімдер бойынша бағаланды

 

«Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша «Үржар колледжі» КММ аумағында (Автодром)

1.     Сегмент шегелеу

2.     Тракторға тіркеме тіркеп жұмысқа дайындау және жүргізу

3.     Жер өңдеуге арналған машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау және жер жырту

 

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Үржар колледжі» КММ, аспаздық зертханасы.

1.Нан өнімін пісіру

2.«Карамель»-пирожный  жасау

3.2- тағам. Гарнирмен берілетін «Құс сүбесі»

 

Сайыс өте тартымды өтті. Сайыс қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау грамоталары табысталды.

 

Үздік маман-кез келген ұжымның мақтанышы, мерейі, абырой-беделі, басқаларының алдында бетке ұстар айнасы десек артық емес. Бүгінгі  сайыста топ жарған студенттерге алдағы еңбек жолында өз мамандықтарының үздіктері болыңдар демекпіз.