ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Әр баланың асыға да, сағына күтетін бақытты сәті жазғы демалыс кезі. Он айлық оқуды аяқтағалы отырған студенттеріміз жазғы демалысты, колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен бастамақшы. Студенттерді келесі оқу жылына жігерлендіру мақсатында колледж жаңа бастманы қолға алды.


2018-2019 оқу жылында  колледжішілік оқу-тәрбие жұмыстарына белсене қатысып, жыл бойы аянбай еңбек еткен студенттер іріктеліп, Абайдың өмірі мен шығармашылығынан толық мағлұмат беретін «Жидебай» мұражайына 23 студентке, «Алакөл» демалыс орынына 26 студентке сертификаттар табысталды. 


Бұл ізгілік идея жылдан жылға жалғасын тауып, үздік студенттерді еліміздің басқа да тарихи, көрікті жерлерімен таныстыру жоспарлануда.

.