ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Жарма технологиялық колледжі» КММ базасында 2024 жылғы 15 мамырда «AgroSkills Abai - 2024» өңірлік кәсіптік шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті. Конкурстың негізгі мақсаты: кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы ауыл шаруашылығы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту. Конкурс мынадай құзыреттер бойынша өтеді: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь», «Фермер шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану». «Үржар колледжі» КММ намысын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреті бойынша ІІІ курс студенті Қырықбаев Серікқазы, өндірістік оқыту шебері Е. А. Андирханов және «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь» құзыреті бойынша ІІ курс студенті Далабай Нұрбол, өндірістік оқыту шебері К. Д. Самбаев қорғайтын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!