ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де қазан айының 16-сында «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы  бойынша пән онкүндігі басталды.17 қазанда №1,98 топтарға «Ауылшаруашылығында қолданылатын тракторлармен таныстыру» тақырыбында видеофильм көрсетілді (арнайы пән оқытушысы- Ғ.Қ .Жумадилов). 18 қазанда «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының №1 тобына  оқу-өндіріс шебері Т.К.Маметов «Ауылшаруашылығында қолданылатын тракторлар» тақырыбында зертханалық сабақ өткізді.Сабақта  қазіргі күнде ауылшаруашылығы саласында қолданылып жүрген тракторлар жайлы толық  мәлімет берілді.19 қазан,бейсенбі күні №98 топта арнайы пән оқытушысы Ғ.Қ .Жумадилов «Қоректендіру жүйесі» тақырыбында теориялық ашық сабақ өткізді.Ашық сабақ қатысушы инженер-педагогтар тарапынан жоғары бағаға ие болды.