ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Talap» КЕАК және Абай облысының білім басқармасының басшылығымен 2023 жылғы 12 қазанда Семей қаласында «Өндірістік оқытудағы қазіргі заманғы трендтер: тәжірибе, перспективалар» атты І республикалық форумы өтті, Оның мақсаты қазіргі заманғы мамандарды даярлау мәселелерінде проблемалық нүктелерді анықтау, оларды шешу жолдарын барлық мүддені тараптармен өзара іс-қимыл жасау, сапалы мамандардың кәсіптік білім беру. Форумның іс-шаралары пленарлық сессиялар, панельдік пікірталастар, шеберлік сыныптарымен семинарлар форматында өтті. Сондай-ақ, Абай облысының Т және КБ құзыреттілік орталықтарының жұмысы таныстырылды. Іс-шараға Қазақстан колледждерінің 150-ге жуық өкілі жиналды. «Үржар колледжі» КММ-де шетте қалмады. 2-пленарлық сессияға: ІТ — технологияларды қолдана отырып инженерлік -техникалық мамандарды даярлаудың негізгі бағыттары «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚҚ құзыреттер орталығы базасында директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары А.Баймухаметова және директордың ОЖ бойынша орынбасары А.Куракбаева қатысты. 3-пленарлық сессияға: «Өндірістік оқытудағы заманауи технологиялар: халықаралық тәжірибе» «Электротехникалық колледж» КМКК құзыреттер орталығының базасында өндірістік оқыту шебері Е.Андирханов қатысты.