ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысында 2023 жылы 17-21 сәуіp аралығында «WorldSkills Abai-2023» өңірлік чемпионатына «Үржар колледжі» КММ-нің колледж директоры Чарахметов Канагат Маратович, директордың ОӨЖЖ орынбасары Баймухаметова Акмарал Даулетовна бастап апарған екі құзыреттілік бойынша екі қатысушы: «Наубайхана ісі» құзыреттілік бойынша Д.Ораз, оқу-өндіріс шебері - К.Тергенбаева; «Кондитерлік іс» құзыреттілік - А.Шнайдер, оқу-өндіріс шебері - Г.Ахмадиева және 2023 жылы 24-26 сәуір аралығында «AgroSkills Abai-2023» чемпионатында 3 құзыреттілік бойынша 3 қатысушы: «Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлардың слесарь-жөндеушісі» құзыреттілік Т.Аманжолұлы, оқу-өндіріс шебері - С.Сабитов; «Фермер шаруашылығы» құзыреттілік Д.Серік, оқу-өндіріс шебері - Н.Абилов; «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілік A.Граф, оқу-өндіріс шебері - Н.Абилов чемпионаттарда бақтарын сынады. 2023 жылы 27 сәуір күні осы чемпионаттың жабылу салтанаты өтті. «WorldSkills Abai-2023» нәтижесінде: «Наубайхана ісі» құзыреттілік бойынша Ораз Данагүл Айбекқызы - II орын, оқу-өндіріс шебері - Тергенбаева Камила Байгалиевна; «Кондитерлік іс» құзыреттілік - Шнайдер Анастасия Александровна - III орын, оку- өндіріс шебері - Ахмадиева Гульшира Сабыровна және «AgroSkills Abai-2023» нәтижесі: «Ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлардың слесарь- жөндеушісі» құзыреттілік Аманжолұлы Төлеби - II орын, оқу-өндіріс шебері - Сабитов Сабырбек Тунгушбаевич; «Фермер шаруашылығы» құзыреттілік Серик Дамир Асқарұлы - III орын, оқу-өндіріс шебері - Абилов Нуржан Нуралханович иеленген.