Кәсіптік орта білім беру жүйесінде WorldSkills қозғалысы танымалдылыққа ие болып келе жатқандықтан 2021-2022 оқу жылында «Үржар колледжі» КММ-нің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының №87 мен №91 топ студенттері 2022 жылдың 13-14 маусым күндері WorldSkills стандарттары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау аясында «Даяшы» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырады.
ДЭ жұмыстың негізгі айырмашылығы - құрамына жұмыс берушілердің өкілдері кіретін сарапшылар тобының мүшелері бағалайды.
Емтихан сарапшылары Үржар колледжі студенттерінің әдістемелік дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.