ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Кәсіптік орта білім беру жүйесінде WorldSkills қозғалысы танымалдылыққа ие болып келе жатқандықтан 2021-2022 оқу жылында «Үржар колледжі» КММ-нің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ курс №92 мен №93 топ студенттері 2022 жылдың 23-24 маусым күндері WorldSkills стандарттары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау аясында «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырады.

ДЭ жұмыстың негізгі айырмашылығы - құрамына жұмыс берушілердің өкілдері кіретін сарапшылар тобының мүшелері бағалайды.

Емтихан сарапшылары Үржар колледжі студенттерінің әдістемелік дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.