«Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» Дуалды оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Әсіресе оның кәсіптік-техникалық білім берудегі алатын орны ерекше. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Осы орайда «Үржар колледжі» КММ «Ветеринария» мамандығы №99 топ студенттерін «Дәулет» ШҚ - да өндірістік тәжірибеден өткізуде. Арнайы пән оқытушысы А.Телгозин студенттерге - Мүйізді ірі-қара малын туғызып алу кезіндегі жұмыс барысын көрсетті.