ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2026 жылы 22 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ-де Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ-дағы МКК Үржар аудандық бөлімі әлеуметтік серіктес жетінші күн «Студент өндіріс көзімен» студенттердің өндірістік практика кезіндегі тәжірибесін зерделеуге арналды. Білім алушылар арасында сауалнама жүргізіліп, олардың колледжде алған білімдерін өндірісте қолдану деңгейі, кездесетін қиындықтары және қосымша меңгеруді қажет ететін кәсіби дағдылары анықталды. Студенттердің ұсыныстары негізінде практикалық сабақтарды көбейту, заманауи жабдықтармен және кәсіби бағдарламалармен жұмыс істеуді жетілдіру, жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу қажеттілігі айқындалды. Нәтижесінде «Студенттің өндірістік тәжірибесі» аналитикалық есебі қалыптастырылды.