ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысында 2025 жылы 12 - 16 мамыр аралығында «WorldSkills Abai - 2025» өңірлік кәсіби чемпионатына «Үржар колледжі» КММ - нің колледж директоры С.Сабитов, WS - тің техникалық делегаты А.Куракбаева, директордың ОӨЖЖ орынбасары А.Баймухаметова бастап апарған үш құзыреттілік бойынша қатысушылар чемпионатта бақтарын сынамақ. Олар: «Наубайхана ісі» құзыреттілігі - Е.Саваровская, оқу - өндіріс шебері - К.Тергенбаева; «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі - А.Ерсінбекұлы, оқу - өндіріс шебері - А.Бекжанов; «Слесарлық іс» құзыреттілігі - Д.Дюсембеков, оқу - өндіріс шебері Е.Андирханов. 2025 жылы 12 мамыр күні осы чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Чемпионат қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тілейік!