ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ағымдағы жылдың 13 -ақпан күні Үржар ауданы мансап орталығының ұйымдастырумен Үржар колледжі КММ-нің Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ мен Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Актанберді атындағы орта мектеп-бақшасы КММ-нің 9,10,11 сынып оқушылармен колледж студенттерінің қатысуымен «ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.


Колледж студенттеріне өндірістік тәжірбиеден өту, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдау: Жастар практикасы, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келсім шарты жобалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.


Сонымен қатар Мансап орталығының қызметкерлері колледждің жұмысымен толығымен танысып қайтты.


Болашақта аудан көлемінде «ашық есік күні» іс-шаралары өз жалғасын табатын болады.


#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО

#Үржарколледжі