ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 7 желтоқсандығы №514 «Жалпы білім пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстарың), орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрық неізінде Ақмола облысы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылы «Көпсалалы инновациялық колледжі» МҚКК базасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіптік шеберлік республикалық конкурсы 2024 жылы 14 - 17 қазан аралығында өтеді. Осы конкурсқа Абай облысы ББ «Облыстық инновациялық - әдістемелік орталығы» КММ басшылығымен Абай облысының намысын қорғауға «Үржар коллледжі» КММ - нен директордың оқу - өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Баймухаметова, аға оқу - өндіріс шебері Н.Абилов «Слесарлық ісі» құзыреттілігі және оқу - өндіріс шебері К.Самбаев «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша қатысады. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіспен оралуын тілейік!