ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен 17 мамырда Семей қаласында «Ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру: мәселелер, тәжірибе» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты –ауылдық елді мекендегі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберліктерін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын белсендіру, іс-тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасау.

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Білім беруде STEM бағытын дамыту» секциясы бойынша директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Куракбаева А.М. «Колледждерде STEM бағыты бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұлттық мүдде, талап, ар-ұят» секциясы бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баймухаметова Ж.А. «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі-стартаптар мен бизнес-идеяларды, әлеуметтік лифті іске асыру алаңы» секциясы бойынша ф.ғ.к. әдіскер Турысбекова Ж.К. мен директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Баймухаметова А.Д. «Үржар колледжі-теория мен тәжірибені ұштастыру бағытындағы бизнес-идеялар алаңы» тақырыбында баяндамалар жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған баяндамалар конференцияға қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.