«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыс жоспарына сай ақпан айының 8 – інде оқу-әдістемелік семинар болды.Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Куракбаева А.М. «Мамандықтарды реестрге енгізу» жайында нұсқаулық беріп өтті.Информатика пәнінің оқытушысы А.З.Темиршинов «Заманауи технологиялар білім беру сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Білім беру процесіндегі заманауи технологияларды пайдалану бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық технологиялардың көмегімен өзара әрекеттесетін білім алу түрі. Оқытушы мен студенттердің оқу процесіне тән барлық компоненттерді (мақсаттары, мазмұны, әдістері, ұйымдастырушылық нысандары, оқыту құралдары) көрсететін және интернеттехнологиялардың ерекше құралдарымен немесе интерактивтілікті көздейтін басқа да құралдармен іске асырылатын арақашықтықтағы өзара іс-қимылы деуге де болады. А.З.Темиршинов ақпapaттық-тexнoлoгия кұpaлдapын оқу процесінде оқытушылар және студенттерге қoлдaну тиiмдiлiгi жайында айтып өтіп, Google,Kahoot, Quizet білім беру платформаларына кеңірек тоқталды.Филология ғылымдарының кандидаты,әдіскер Турысбекова Ж.К. «Кейс технологиясы. CASE-STUDY (КЕЙС-СТАДИ) –функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы» тақырыбында инженер-педагогтерге кең көлемде мағлұмат берді. Оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайтын кейс стади әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталды.Семинар соңында инженер-педагогтар күн тақырыбындағы мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/836-o-u-distemelik-seminar.html#sigFreeIdcccdbfeb91