ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2023-2024 оқу жылында " Тамақтандыруды ұйымдастыру"мамандығы бойынша өткен онкүндік қорытындыланды.Жоспарланған іс - шаралардың барлығы өз деңгейінде өтті.Атап айтқанда студенттердің білім дәрежесін тексеру мақсатында өткен олимпиада, "Білгірлер" мен "Тапқырлар" сайысы, мамандыққа байланысты презентация студенттердің болашақ кәсіптеріне деген қызығушылықтарын  арттыра түсті. Сонымен қатар теориялық , өндірістік ашық сабақтар, зертханалық сабақтар да осы онкүндік жоспары бойынша өткізілді.Осы өткен іс - шаралар бойынша белсенді студенттер әртүрлі дәрежедегі мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.