«Үржар колледжі »КММ-де «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан топтар арасында «Worldskills» стандарттары бойынша кәсіби сайыс өтті.
Мақсаты: колледж студенттері арасынан «Worldskills Abai -2024» чемпионатына қатысушыларды іріктеу, болашақ аспаздардың кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту және алғалы отырған мамандықтарының мәртебесін арттыру. Сайысқа ІІІ курс студенттері Арзымбетова Милана, Ораз Данагүл, Вольф Жанна қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Іс-шара мамандық бойынша өтіп жатқан онкүндік аясында оқу-өндіріс шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен өтті .