ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ-де "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша өтіп жатқан онкүндіктің аясында арнайы пән оқытушысы А.Т.Сейтжанованың ұйымдастыруымен "Өз ойыным" атты викториналық сайыс өтті. Студенттер екі топқа бөлініп, аспаздық кәсіптің қыр-сырын меңгеруге арналған сұрақтарға жауап берді.