Ветеринария - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануардың өнімдерін өндіру нәтижесінде адамзатты антропозооноз ауруларынан сақтау, сыртқы қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.
"Үржар колледжі" КММ-де "Ветеринария" мамандығы "Ветеринарлық санитар" біліктілігі бойынша білім алып жатқан номер 6 топ студенттері арасында ветеринарлық негізгі қызметі туралы, жануарлардың жұқпалы, жұқпалы емес, паразиттік аурулары туралы, адамдарды қауіпті індеттерден сақтандыру туралы түсінік беру мақсатында, колледждің арнайы пән оқытушысы А.К.Телгозинның ұйымдастыруымен 30.10.2023 - 10.11.2023 аралығында "Ветеринария дегеніміз не?" атты онкүндік өтті.
Онкүндік аясында мүйізді ірі қара малдарының арасында кезігетін "Сібір жарасы" ауруы туралы видеоролик көрсетілді, "Ветеринария" тақырыбында студенттерден тест алынды, "Сиырды ұрықтандыру, суалту, бұзаулату, сауу" тақырыбында ашық сабақ өтті, "Құтырма" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, "Қоздырғыштарды зерттеу" тақырыбында "Қарасан"ауруын тудыратын қоздырғышты микроскоппен зерттеу жұмысы жүргізілді, "Ірі қара малды клиникалық зерттеу әдістері" тақырыбында өндірістік-тәжірибелік сабақ өтті, "Бруцеллез", "Аусыл" тақырыптарын қорғау мақсатында слаид конкурсы болды және "Ауылшаруашылық малдары" тақырыбында студенттер онкүндік ішінде рефераттар жазды.
Онкүндік соңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті және де барлық іс-шараларға белсене қатысқан, жүлделі орын алған студенттер грамоталармен, алғыс хаттарымен марапатталды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/802-veterinariya-degenimiz-ne-atty-onk-ndik-tti.html#sigFreeId8c1bcd14d0