ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Абай облысының Білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Геологиялық  барлау колледжі» КМҚК-де   қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің облыстық бірлестігінің жетекшісі Нүсіпжанова Орал Айткеновнаның ұйымдастыруымен облыстық  «Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушы өзге ұлт өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық форум өткізілді. Форумға қатысушылар «Өзге емес,өзім айтам өз жайымды...» тақырыбында өзін-өзі таныстырып, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты кезеңде берілген тақырыптар бойынша әділқазылар алдында ойтолғау жазып оқыды және жазғаны бойынша сұрақтарға жауап берді.3-ші кезең «Менің Отаным-Қазақстан» деп аталды да қатысушылар патриоттық тақырыпта ,азаматтық рухта  Отан,туған жер,қазақ тілі,ана тілі туралы өлеңдерді жатқа оқыды.Форумға қатысушыларға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары,бұрынғы жылдардың жеңімпаздары  әділқазылық жасады.

Форумға қатысушы «Үржар колледжі» КММ « Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенті Саворовская Елена Сергеевна мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы терең ізденісі мен қазақ тілін меңгерудегі ерекше қабілеті үшін  III дәрежелі дипломмен марапатталды. Е.С.Саворовскаяның жетекшісі , филология ғылымдарының кандидаты Ж.К.Турысбековаға  «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық форум жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат»  тапсырылды.