«Үржар колледжі» КММ-де 2023-2024 оқу жылының оқу-әдістемелік жоспарына сай, қазақтың ағартушы ғалымы, қайраткер, педагог А. Байтұрсынұлының туған күні мен Тілдер күніне орай, «Сүйемін туған тілім,ана тілім» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Алғашқы күні студенттер мен ұстаздар арасында ашылу салтанаты болып өтті. Тіл мамандары М.О.Аилбекова, Ж.К.Турысбекова,Н.Қ.Тоқабаева студенттерге А.Байтұрсыновтың қанатты сөздерін өз өмірлеріне, біліміне темірқазық етіп алып, әрқашан елдің алдында жүретін азаматтар болуына тілектестік білдірді.А.Байтұрсыновтың өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді, студенттер ұстаз-ағартушының қанатты сөздерін оқып,өз пікірлерімен бөлісті.
Жоспар бойынша келесі күні ана тіліне арналған өлеңдер мен қарасөздер оқудан жарыс ұйымдастырылды.Мақсаты: студенттерді өз тілін қастерлеуге,ана тілінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу. Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, еліне деген махабабатын арттыру.Жарысқа «Ауылшаруашылығын механикаландыру» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты.
Бірінші курс студенттері «Тіл- татулық белгісі» тақырыбында эссе жазды. Мақсаты: студенттердің тілдерге деген қызығушылығын ояту.
«Үржар колледжі» КММ студенттері қазақ Әліпбиінің атасы, қоғам қайраткері, ақын, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін «Тілдер мерекесіне» ерекше белсенділік көрсете отырып қатысты.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/747-s-jemin-tu-an-tilim-ana-tilim.html#sigFreeId995d752220