ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2023 жылдың мамыр айының 5-інде «Үржар колледжі» КММ-де әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша колледж педагогикалық қызметкерлерінің тағлымдамалар мен біліктілік арттыру курстарынан өтуіне талдау жасалды (Әдіскер Турысбекова Ж.К); «Жаңартылған білім беру контексінде қазақ әдебиеті сабағында оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану жолдары» тақырыбында баяндама оқылды ( ф.ғ.к.қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Турысбекова Ж.К);2022-2023 оқу жылында педагогикалық кадрларының әдістемелік тақырыптары бойынша өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру жолдары жайында айтылды (Әдіскер Турысбекова Ж.К);студенттердің білімін бақылау формалары мен әдістері,студенттердің ағымдағы,аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу,CANVAS жүйеcі туралы бөлім меңгерушісі Асқарбаева Ж.Қ айтып өтті. Өткізілген пәндік апталықтар қорытындыланды ( Әдіскер Турысбекова Ж.К).
Әдістемелік кеңестің соңында психолог Аилбекова М.О. жас ұстаздармен психологиялық тренинг өткізді.