ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Ветеринария адамзатты зерттейді"- демекші, ветеринария - қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, микробиология, вирусология, паразитология, хирургия, факмакология және гинекология сияқты салаларды біріктіретін ғылым.

"Үржар колледжі" КММ - де 2023 жылдың қаңтар айының 18-27 аралығында, ветеринария мамандығының оқытушысы А.К. Телгозинның ұйымдастыруымен, номер 3 топта жоспар бойыша "Ветеринария дегеніміз не?" атты онкүндік өтті. Онкүндік аясында ауылшаруашылық малдары аурулары туралы видеоролик көрсетілді, "Жұқпалы емес аурулары" тақырыбында студенттерден тест алынды, "Сібір жарасы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, "Жылқы малының клиникалық зерттеу әдісі" тақырыбында өндірістік- тәжірибелік сабақ өткізілді, "Аса қауіпті жұқпалы аурулар" тақырыбында реферат байқауы болды. Онкүндік соңында белсенді қатысқан студенттер грамоталармен марапатталды.