ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Пәндік олимпиадалар-студенттердің білім деңгейін тексеруден өткізудің бұқаралық сипаттаға жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.Пәндік  олимпиадалар студенттердің пәнге қызығушылын тудырумен қатар,олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.Оқу-әдістемелік  жұмыс жоспарына сай «Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қараша айында  жалпы білім беру  және арнайы пәндерден колледжішілік олимпиада өтті.Олимпиада өткізудің мақсаты-дарынды студенттерді іріктеу,кәсіптік бағдар бере отырып,жұмысшы мамандықтарын игеруге шақыру,маман кадрлар дайындауға үлес қосу,білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Олимпиада бір аптаға созылды.Қорытындысы  бойынша жүлделі орындар алған студенттерді  директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.М.Куракбаева мен ф.ғ.к. әдіскер Ж.К.Турысбекова құттықтап,мақтау грамоталарымен марапаттады