ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Куракбаева А.М. мен әдіскер,ф.ғ.к. Ж.К.Турысбекованың ұйымдастыруымен «Оқыту нәтижелеріне бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда білім беру ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі, білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері, білім беру ұйымдарының академиялық дербестігі мен кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып әзірленген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының ерекшеліктері жайында айтылды. Әдіскер Жанар Кажимовна

ТжКБб ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар  жасады.Инженер-педагогтар көптеген сұрақтар қойып,өз сұрақтарына тұщымды жауап ала алды.