ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ-де 2022 жылдың 18 сәуірінде әдістемелік кеңес өтті. Күн тәртібінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561бұйрығымен енгізілген өзгерістерге байланысты мемлекеттік қызмет көрсету түрлері(әдіскер Турысбекова Ж.К);колледж педагогикалық қызметкерлерінің тағлымдамалар мен біліктілік арттыру курстарынан өтуіне талдау жасау(әдіскер Турысбекова Ж.К);білім беру мазмұнының жаңартылуы жағдайында дене тәрбиесі пәні сабақтарын ұйымдастырудың тиімді әдістері (жалпы пәндер бірлестік жетекшісі Тоқабаева Н.Қ);2021-2022 оқу жылында педагогикалық кадрларының әдістемелік тақырыптары бойынша өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру(әдіскер Турысбекова Ж.К);пән апталықтарының өту барысы(әдіскер Турысбекова Ж.К);
2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша емтихан,сынақ материалдарын бекіту(ДОЖЖО Құрақбаева А.М.,әдіскер Турысбекова Ж.К) сияқты мәселелер қаралып,жан-жақты талқыланды. Информатика пәні оқытушысы Кенебаева Л.С сандық технологияларды сабақта қолдану (Triventy.com.,Plikers,онлайн генератор) жөнінде презентация жасап,өз іс-тәжірибесімен бөлісті.Әдістемелік кеңес соңында колледж директоры Чарахметов К.М.облыстық сайыстарға қатысып жүлделі орын алған педагогтерді құттықтады.