«Үржар колледжі» КММ-де сәуір айының 4-9 күндері аралығында қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті. Дүйсенбі күні «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының рухани көсемі» атты апталық салтанатты түрде ашылғаннан кейін жоспарға сәйкес апталық аясында топтарда «Ұлттың ұлы ұстазы» атты эссе байқауы, «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өтті. Студенттерге «Өнегелі адамдар өмірі» сериясы бойынша А.Байтұрсынұлы туралы көркем фильм көрсетілді. Кітапханада «Ахмет Байтұрсынов – зиялылар көсемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды (кітапханашы-Кашимбаева А.Н). Апталық аясында ф.ғ.к.Турысбекова Ж.К. №97 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» тобында қазақ әдебиеті пәнінен «Оралхан Бөкей. «Атау-кере» повесі. Кейіпкерлер келбеті» тақырыбында инстаграмм тікелей эфир арқылы облыстық ашық сабақ өткізіп, облыс көлемінде іс-тәжірибесін таратты. Оқытушы Аилбекова М.О.№98 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» тобында қазақ әдебиеті пәнінен «Қадыр Мырза-Әлі. «Қызыл кітап» поэмасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Апталықтың соңы оқытушы Б.Н.Бейбітұлының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі» әдеби-музыкалық монтажбен қорытындыланды.