ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Қоғам үшін адамның денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде жастардың жол-көлік апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Сондықтан білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде.
«Үржар колледжі» КММ-де «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерде негізгі пән болып саналатын «Жолда жүру ережелері» пәнінің оқытылуына айрықша мән беріледі. Ақпанның 12-19 күндері аралығында колледжде әдістемелік жұмыс жоспары бойынша арнайы пән оқытушысы С.Т.Сабитовтің ұйымдастыруымен студенттердің жолда жүру ережелері пәнінен алған білімдерін тексеру, болашақ фермер мамандығын терең игерту, өз бетімен және топта жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой өрісін дамыту, өмір қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!» тақырыбында пән апталығы өтті.Апталық барысында студенттерге «Жол тәртібі қатал» тақырыбында дәріс оқылды. «Темір жол өтпелерінен өту»(пән оқытушысы Сабитов С.Т.) теориялық сабағы тәжірибелік сабақпен (оқу-өндіріс шебері АбиловН.Н.) ұштастырылды.
Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,жол ережесін қазақтың ұлттық ойындарын насихаттай отырып, «Жолда жүру ережелері» пәнімен ұштастыру мақсатында «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!» деген атпен сайыс өткізілді. «Аударыспақ», «Теңге алу», «Асық ату», «Қол күрес» деп аталатын кезеңдерден тұратын сайыста бағдаршамның түсі бойынша «Қызылдар» мен «Жасылдар» тобына бөлінген екі команда теориялық білімдерімен қатар білек күштерін де сынға салды. Сайыс соңында колледж директоры К.М.Чарахметов, директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Д.Баймухаметова ,әдіскер ф.ғ.к. Ж.К.Турысбекова құрамына енген әділқазылар алқасы жас ұрпақ үшін аса қажет осындай игі іс-шараны ұйымдастырып отырған арнайы пән оқытушысы Сабырбек Тұңғышбайұлына алғыстарын білдірді.Сайысқа қатысушылар «Мақтау грамоталарымен» және сыйлықтармен марапатталды.