Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысананы көздеп атып өнер көрсетеді. Биатлон спортының отаны Норвегия, алғашқы жарыс XVII ғасырдың 70 жылдарыңда өткізілді. Биатлон спортының жауынгерлік қару екеңдігі 1718 жылғы болған швед-норвегиялық соғысы кезінде өз нәтижесін берді. Соғыс жағдайында шаңғымен шапшаң сырғанайтын норвегия жауынгерлері мылтықты да орында пайдаланып, өз қарсыластарына ойсырата соққы берген, міне осы кезеңнен бастап спорттың бұл түрі бедел иесіне айналды.
"Үржар колледжі" КММ-сі тағы да бір қызықты бастаманы бастап та кетті. Тұрақты спорттық іс-шаралар бұлшықет тонусын қамтамасыз етеді, төзімділік пен күш-жігерді арттырады, сонымен қатар иммунитеттің өсуіне және тірек-қимыл аппараты мен жүрек-қантамыр жүйесінің үйлесімді жұмысына ықпал етеді. Колледжіміздің дене тәрбиесі оқытушылар К.Кабышев, Р.Тукенов пен алғашқы әскери дайындық және технология жетекшісі А. Саканов ұйымдастыруымен шаңғы алаңында биатлон сайысы өтті. Биатлонға ауылымыздың Алтынсарин, Ақтанберді орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары да өз бақтарын сынап көрді.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/498-biatlon-atlon-grekshe-k-res-degen-s-z.html#sigFreeId18875c3c4d
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/498-biatlon-atlon-grekshe-k-res-degen-s-z.html#sigFreeId18875c3c4d