ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын адам болмайды. Осы мақсатта 04.02.2022ж 07150500 "Дәнекерлеу ісі" мамандығы апталығы аясында оқу-өндіріс шебері Е.А. Андирхановтың ұйымдастыруымен "Мен таңдаған мамандық..." атты презентация байқауы өтті. Байқауға №94, №95, №100 студенттері қатысып, мамандықтары бойынша фотоколлаж жасап, жасаған жобаларын қорғады. Үздік фотоколлаж жасап, оны қорғаған студенттер арнайы І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Апталық қорытындысы бойынша белсене қатысқан студенттер арнайы колледждің мақтау қағаздарына ие болды.