ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ағымдағы жылдың 03 ақпанында "Үржар колледжі" КММ -де "Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік аясында жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық сияқты ізгілік қасиеттерді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында "Асыл жүрек" тақырыбында эссе жазу сайысы өтті.