ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

09.10.2021 күні «Үржар колледжі» КММ-де «Информатика» пәні апталығы аясында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интелектуалдық-танымдық ойын өтті. 1 курс студенттерінен құралған «Жарық жұлдыз», «Тәуелсіздік тірегі» топтары өздерінің жан-жақтылығын көрсетті. Сайыс 3-бөлімнен тұрды:

1. «Түрлі- түрлі сұрақтар ой түртеді»,
2. «Жанкүйерлерден көмек»,
3. «Үздік үштік»
Топ мүшелері мен топ жанкүйерлері ой ұшқырлықтарын танытып бақты.
Әр бөлімде студенттер өздерінің жылдамдықтары мен меңгерген білімдерін көрсете білді.
Сайыс соңында «Жарық жұлдыз» тобы 1 орын иеленді.