08.12.2021 күні «Үржар колледжі» КММ - де апталық жоспары бойынша Информатика пәнінен «Ақпаратты қорғау әдістері» - тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер «Криптоанализ», «Криптография» болып екі топқа бөлініп, топ басшыларын сайлады. Сабақтың мақсаты «Білім шыңына шығу», түрлі кедергіден өту болды. Студенттерге сабақ басында «Кіру билеті»таратылып, сабақ соңында «Шығу билеті» - де қойылған «Бүгінгі сабақта не қиын болды?, Не түсіндің?» сұрақтары арқылы кері байланыс жасалды. Студенттер «Quizizz» қосымшасы арқылы үй тапсырмасын ұялы телефон және компьютерде орындап, «Постер» қорғап, «Жоғалған сөзді тап» информатикалық диктант жазды. Бекіту тапсырмасын The Hat қосымшасы арқылы жауап беретін студенттер анықталып, сұрақтарға жауап берді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/484-06-10-12-2021-k-nder-araly-ynda-rzhar-kolledzhi-kmm-de-informatika-p-ni-aptaly-y-tti.html#sigFreeIdefebfa00db