Пәндік олимпиада – оқушының білім дағдылары мен қисынды ойлау әрекеттерін саралайтын кезең.
Пәндік олимпиадалар колледж студенттерінің пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
«Білімді мыңды жығады» деген атпен «Үржар колледжі» КММ-де қарашаның 8-13 аралығында оқу-әдістемелік жұмыс жоспары бойынша директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Альфия Майқықызы Құрақбаева мен әдіскер Жанар Кажимовна Турысбекованың ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер мен «Фермер шаруашылығы», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринария» мамандықтары бойынша арнайы пәндерден білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын, білім сайысы – пәндік олимпиада өткізілді.Дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиадаға 100-ге жуық бала қатысты.
Олимпиада тапсырмалары студенттердің пәнді жете меңгеруіне, тапқырлығы мен қабілеттерін арттыруға арналған. Пәндік олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.М.Құрақбаева мен әдіскер,ф.ғ.к.Турысбекова Ж.К. мақтау қағазымен марапаттап, құттықтады. Білім сайысында оқытушылардың артқан сенім биігінен көріне білген студенттерге алғыс айтып, сәттілік тіледі.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/483-p-ndik-olimpiada-o-ushyny-bilim-da-dylary-men-isyndy-ojlau-reketterin-saralajtyn-keze-2.html#sigFreeId8da3a9412f
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/483-p-ndik-olimpiada-o-ushyny-bilim-da-dylary-men-isyndy-ojlau-reketterin-saralajtyn-keze-2.html#sigFreeId8da3a9412f