ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Қазан айының 18-23 аралығында «Үржар колледжі» КММ 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «Кондитер» біліктілігі бойынша «Ұннан даярланған кондитерлік өнімдер технологиясы» пәнінен апталық өтті. Апталық аясында кондитер өнімдерінен жәрмеңке, «Өнімдерді мастикамен безендіру» тақырыбында шеберлік сыныбы,«Бисквитті және қайнатылған қамырды дайындау,олардан дайындалған өнімдер» тақырыбында ашық сабақ, өндірістік сабақтар өтті.
Кондитер мамандығына оқып жатқан №87,№91 топ студенттері апталыққа белсене қатысып, таңдаған мамандықтарына деген құрметтерін, қызығушылықтарын көрсетті.