«Үржар колледжі» КММ-де оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес №5 әдістемелік кеңес өтті. Филология ғылымдарының кандидаты,колледж әдіскері Турысбекова Жанар Кажимовна ашып, жүргізіп отырған кеңес отырысы барысында колледжішілік жалпы білім беру және арнайы пәндерден өткізілген колледжішілік олимпиадаға жан--жақты талдау жасалды.Жоспарға сәйкес өткізіліп жатқан пәндік апталықтардың өту барысы баяндалды.Жалпы білім беру пәндері бірлестігінің жетекшісі Ж.Қ.Асқарбаева мен арнайы пәндер бірлестігі жетекшісі К.Б.Тергенбаева қашықтықтан оқыту жағдайында түсіріліп жатқан видеосабақтардың сапасына тоқталды, анықталған өзекті мәселелердің шешу жолдарын сөз етті Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты тәлімгерлер Н.Қ.Тоқабаева мен Ж.Қ.Асқарбаева жас мамандармен жүргізіліп жатқан жұмыс барысы жайлы есеп берді. Өз кезегінде кеңес мүшелері пәндік апталықтарды өткізудің тиімді жолдары, әдістемелік көмектер беріп отыру,видеосабақтар түсіру, педагогтардың өзара тәжірибе алмасуы бойынша ұсыныстарын айтты.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/395-rzhar-kolledzhi-kmm-de-o-u-distemelik-zh-mys-zhosparyna-s-jkes-5-distemelik-ke-es-tti.html#sigFreeId178413d046