ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2020 жылдың 17 ақпан -22 ақпан аралығында «Үржар колледжі»КММ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша апталық өтті .Апталықтың мақсаты: студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттыру, кәсіби шеберліктерін дамыту, эстетикалық тәлім-тәрбие беру ,өзара қарым –қатынас мәдениетіне үйрету, бәсекеге қабілетті шығармашыл,білімді маман дайындау.Апталық аясында арнайы пәндер бойынша ашық сабақтар, студенттердің қолынан шыққан аспаздық өнімдер көрмесі , жәрмеңке , «Салаттар шеруі » сайысы өтті. Сайыс жеңімпаздары марапатталды.