Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылы "Үржар колледжі" коммуналдық-мемлекеттік мекемесінде 0508000 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы, 0508012 "Аспаз"біліктілігі бойынша 2021 жылы ақпанның 8-і мен 13-і аралығында әдістемелік жұмыс жоспары бойынша "Мен таңдаған мамандық..." атты апталық өтті.
Мақсаты: мамандық бойынша студенттердің теориялық білімдерін жетілдіру, меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби маманға бағыт-бағдар беру.
Апталық барысында арнайы пән оқытушысы К.Б.Тергенбаева "Салқын сусындар" тақырыбында ашық сабақ, оқу- өндіріс шеберлері Г.С.Ахмедиева "Картоп езбесінен зраз тағамын даярлау", Б.А.Оқасова "Бутербродтар дайындау" тақырыбында өндірістік ашық сабақтар өткізді. Арнайы пән оқытушысы Ж.К. Турысбекованың ұйымдастыруымен "Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі" атты дөңгелек үстел, және "Студенттердің өндірістік тәжірибедегі бір күні" атты видеоролик көрсетілді. Апталыққа ІІ және ІІІ курс студенттері қатысты. Студенттер аспаз мамандығының қандай заман, қандай уақыт болмасын сұранысқа ие екенін, мамандық таңдауда қателеспегендерін апталық барысында тағы бір мәрте сезінді. Апталық мақсатына жетті деген ойдамыз. Белсене қатысқан топтар марапатталды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/367-tama-tandyrudy-jymdastyru.html#sigFreeId3361937903