ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Ақпан айының 18 -де "Үржар колледжі" КММ - де директордың оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары жанында кеңес өтті. Директордың оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Құрақбаева Альфия Майқызы күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес факультативтік сабақтардың өткізілуі мен студенттердің білім сапасына толыққанды талдау жасады.
Әдіскер Турысбекова Жанар Кажимовна пән апталықтарының өту барысы жайлы айтты. Жалпы пәндер бірлестігі жетекшісі Аскарбаева Жанат Курмангалиевна колледждегі жалпы пәндерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізудің тиімділігіне тоқталды.