ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Дәнекерлеу ісі" және "Ветеринария" мамандықтарының пән онкүндігі аясында 18.11.2026 күні № 12 топта «Трактордың салқындату және майлау жүйелері» тақырыбында ашық өндірістік оқыту сабағы өтті. (Оқу-өндіріс шебері Тулеуов Д.Е.) Сабақ барысында студенттер жүйелердің құрылысымен және жұмыс істеу тәртібімен танысып, тракторда салқындатқыш сұйықтық пен қозғалтқыш майының деңгейін тексеруді тәжірибе жүзінде орындады. Сондай-ақ қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін пысықтады.