ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Онкүндік жоспарына сәйкес, оқу-өндіріс шебері Сакенаев А. К «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша №12 топқа «МТЗ-82 тракторының гидравликалық жүйесі» тақырыбында өндірістік сабақ өткізді. 
Сабақ барысында студенттерге МТЗ-82 тракторының гидравликалық жүйесінің құрылысы, негізгі бөліктері, атқаратын қызметі және жұмыс істеу принциптері туралы жан-жақты түсіндірді.
Мұндай өндірістік сабақтар білім алушылардың техникалық сауаттылығын арттырып, кәсіби шеберлігін қалыптастыруға және ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.