«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдіскер, ф.ғ.к. Ж.К. Турысбекованың басшылығымен оқу сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуы мәселелеріне арналған әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Отырыста оқу сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби дамуына қатысты мәселелер қаралды. Арнайы пән оқытушысы Сейтжанова А.Т. сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану туралы, ал оқу-өндіріс шебері Сакенаев А.К. оқу-өндірістік сабақтарда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру, педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша біліктілік санатына қойылатын талаптар талқыланды.
Кеңес мүшелері жалпы және арнайы пәндерден колледжішілік олимпиада өткізу, пән апталықтарын ұйымдастыру, ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу, сондай-ақ жас педагогтермен жұмыс жүргізу мәселелеріне тоқталды.
Отырыс қорытындысында аталған бағыттар бойынша алдағы жұмыс міндеттері айқындалды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/1472-kolledzhde-distemelik-ke-es-otyrysy-tti.html#sigFreeIdeeeb48c4a6
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/1472-kolledzhde-distemelik-ke-es-otyrysy-tti.html#sigFreeIdeeeb48c4a6













