ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі"КММ-де 5 қыркүйек-Тілдер мерекесіне орай"Тіл-ұлттың бірегейлік пен болашақтың негізі"атты 1курс студенттерімен ашық микрофон іс-шарасы өтті.Мақсаты:қазақ тілінің қоғамдағы ролін заманауи тұрғыдан талқылау,жастардың ана тіліне деген жанашырлары арттыру және еркін алмасу алаңын құру.Студенттер төмендегідей өзекті тақырыптарды қозғады: -ана тілінің ұлттық болмысты қалыптастырудағы орны-мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі-А.Байтұрсыновтың қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі,көптілді білімнің жастарға беретін мүмкіндіктері,қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті,цифрлық кеңістіктегі қазақ тілінің болашағы және т.б. Іс-шара соңында қатысушылар тілді дамыту әр азаматтың өз үйінен,күнделікті қарым-қатынасынан басталуы керек деген ортақ мәмілеге келді.Болашағымыз жарқын,іргеміз берік болсын десек,ана тілімізді төрімізге шығарайық.