ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қорытынды сессия – оқу жылы бойы алған білім мен кәсіби дағдыларды бағалаудың маңызды кезеңі. 09.06.2026 күннен бастап «Үржар колледжі» КММ-де қорытынды сессия басталды.

Студенттер оқу бағдарламалары мен бекітілген кестеге сәйкес емтихандар мен сынақтар тапсырып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дайындық деңгейлерін көрсетуде.

Барлық білім алушыларға жауапты кезеңнен сәтті өтіп, жақсы нәтижелер көрсетуге сенім білдіреміз.