Әдістемелік жұмыс жоспарына сай өткізіліп жатқан жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында педагог-зерттеуші, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы, ф.ғ.к. Турысбекова Жанар Кажимовна №14 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» тобында «Әлемдік экология мәселелері. Арал теңізінің экологиясы. Айтыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты- Әлемдік экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту. Арал теңізі проблемасының себеп-салдарын талдау. Айтыс арқылы білім алушылардың сөйлеу мәдениетін, дәлелді пікір айту қабілетін дамыту. Табиғатты қорғау құндылығын қалыптастыру. Quizizz, Wordwall, D-ID, Padlet сияқты жасанды интеллекті құралдары пайдаланылған ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/1365-lemdik-ekologiya-m-seleleri-aral-te-izini-ekologiyasy-ajtys-ta-yrybynda-ashy-saba-tkizdi.html#sigFreeId133379c206













