ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Әдістемелік жұмыс жоспарына сай өткізіліп жатқан жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушылары М.О. Аилбекова мен Ж.К.Турысбекова колледж студенттеріне «Көңілді үзіліс» ұйымдастырды. «Жалғасын тап», «Адасқан сөз», «Кейіпкерді тап» сияқты ойындар білім алушылардың қызығушылығын тудырды. Студенттер ойынға белсенді қатысып, кішігірім сыйлықтарға ие болды.